Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Булекбаевтың «Қазіргі заманның сын-тегеуріндері контекстіндегі қоғамдық ғылымның әдіснамалық мәселелері» монографиясы мен заң ғылымдарының кандидаты, доцент Р.У. Булекбаеваның бірлескен авторлығымен жазылған «Баламалы жүйедегі экономика мен мемлекеттің арақатынасы туралы» оқу құралының 11 желтоқсан, сағат 14:00 он-лайн режимде тұсаукесері өтті. Атаулы іс-шара, Қазақстанның жетекші университеті Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің 80 жылдық мерейтойын тойлау аясында өтті.