2023 ж. 16 ақпанда Шығыстану факультетінде «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының жапон бөлімінің студенттері үшін Алматы қаласындағы Мицубиси банк өкілдерінің қатысуымен кезекті жоспарлы қонақ дәрісі өтті.
2023 ж. 16 ақпанда Шығыстану факультетінде «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының жапон бөлімінің студенттері үшін Алматы қаласындағы Мицубиси банк өкілдерінің қатысуымен кезекті жоспарлы қонақ дәрісі өтті.
Ақпан, 2023 - Синхронды аударма кафедрасының 3 курс студенті Глеб Михайлович Сомов беделді V Қазан Халықаралық аударма байқауына қатысып, өзінің тілдік таланттары мен аударма дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
2023 жылғы 14 ақпанда "Әділетті Қазақстан – Жастардың таңдауы" акция аясында Әділдік Жолы РҚБ-дан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен ҚазХҚжӘТУ-да "Әділет жолы" тақырыбында дәріс өтті.
2023 жылдың 9-10 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Смағұлов Ағыбай Дынкенұлының «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығының студенттеріне қонақтық лекциясы өтті.
2023 жылдың 9 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары және Әлем Тілдері Университетінде студенттер арасында 22-ші жыл сайынғы "Қытай тілі көпірі" Дүниежүзілік байқауының іріктеу жарысы өтті. Бұл байқауды Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің Конфуций институты мен шығыстану факултеті ұйымдастырды.
📌8.02.2023 жылы Халықаралық экономика және құқық факультеті және менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеттерінің студенттері үшін "франчайзингтік брендтің сиқыры" тақырыбында қонақ дәріс өтті!
📌Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Кисиков Бекнұр Сейтжанұлы спикер болды.
2023 жылғы 9 ақпанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ұжымының атынан және Ректор Құнанбаева Сәлима Сағиқызының атынан Түркия Республикасының оңтүстік-шығысындағы қатты жер сілкінісінің апатына байланысты бауырлас халыққа жанашырлық пен қолдау білдірілді. Түркия Республикасының Бас Консулдығындағы көңіл айту кітабына шығыстану факультетінің деканы Э.М. Кагазбаева қалдырды. «Біз жойқын жер сілкінісі салдарынан болған көптеген адам шығыны туралы қаралы хабарды естідік. Ұжым атынан және университет басшылығынан бауырлас түрік халқына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біздің жүрегіміз бауырлас түрік халқымен».
2023 жылы 6 ақпанда біздің университеттің серіктесі- UPN Veteran Jakarta университеті (Индонезия) 3 курс студенттерін қабылдады!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша халықаралық құқық және экономика факультетінен!!!
Академиялық ұтқырлық-бұл студенттерге бір семестрде білім алуға, білім беру процесіне қосылуға, серіктес ЖОО елінің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға тамаша мүмкіндік.
Студенттерге сәттілік тілейміз!!!
Шығыстану факультетінде 6 шығыс тілі оқытылады. Солардың бірі – араб тілі, ол әлемде кең таралған маңызды тілдердің бірі және мың жылдан астам тарихы бар. Араб тілінің қолдану аймағы әлемнің 60-қа жуық мемлекетін қамтиды, 700 миллионнан астам адам араб тілінде сөйлейді.
6.02.2023 жылы сағат 12:00-де ZOOM платформасында "Табиғи және техногендік сипаттағы табиғи апаттардағы адамдардың іс-әрекеттері" тақырыбында студенттер мен оқытушылар құрамы үшін онлайн-конференция өтті.
Спикер ретінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі штабының бастығы- К. М. Каметов сөз сөйледі.
Кездесу табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында өтті
Мәдени-білім беру саласындағы ынтымақтастық мақсатында 2023 жылдың 15-20 қаңтары аралығында шығыстану факультетінің студенттері Васеда Университетінде болып қайтты. Бұл іс-шара студенттердің 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Қазақстанның тәжірибесін пайдалана отырып, жапондық Минано ауылын қайта жаңғырту туралы онлайн форумға қатысуының арқасында мүмкін болды. Васеда Университетінің Sakura Science орталығының қаржыландыруы негізінде форумға қатысушылар арасында Жапонияға, нақтырақ айтқанда Минаноға толықтай тегін апталық сапарға іріктеу өткізілді. Нақты алғанда 14 қатысушыға арналған 10 орын тағайындалған. Іріктеу студенттердің жазған және оқыған сакубундарын (эссе) бағалау тұрғысында өткен болатын.