2020 жылдың 5 қыркүйегінде онлайн режимінде жапон тілінде 22-ші Қазақстандық шешендік өнер байқауы өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары Жапонияның Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті елшісі Касаи Тацухико, ҚР-дағы Жапония бизнесмендері қауымдастығының төрағасы Казама Тацуя болды. Байқаудың модераторы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы Андасова Марал Мурзакалиевна, қазылар алқасының мүшесі-Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы Югай Мария Робертовна болды.