Академиялық дәрежесі: Гуманитарлық ғылымдар бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқыту тілі: қазақ/орыс
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы 2025-2030 жылдарға арналған заңгерлік білім беруді дамыту Концепциясы аясында жүзеге асырылады және ішкі және халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес әзірленген.
Бұл білім беру бағдарламасының ерекшелігі халықаралық коммерциялық дауларды шешуде халықаралық құқықтық актілерді талдау мен қолдану, консалтингтік қызмет көрсету, заңгерлік аутсорсинг жүргізу және халықаралық сот процестеріне қатысу сияқты дағдыларға ие болатын маманның жаңа моделін қалыптастыруда. Бағдарламаның ерекшелігі теориялық және практикалық дайындықтың халықаралық жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталуында. Бағдарламада халықаралық құқықты саясатпен және экономикамен біріктіруге мүмкіндік беретін түйінді аралық бағытқа ерекше назар аударылады. Студенттер оқу траекториясын үш негізгі бағыт бойынша құра алады: халықаралық құқық және дипломатия, халықаралық жеке құқық және коммерциялық қызмет, адам құқықтары мен құқық қорғаушы қызметі.
Басқа маңызды артықшылығы – ағылшын тілін үздіксіз оқыту, халықаралық құқықтық пәндер ағылшын тілінде оқытылады, бұл шетелде магистратураға түсу, академиялық мобильдік бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламаларға қатысу үшін тілдік дайындықтың сапасын арттырады. Тәжірибелі оқытушылар студенттердің жоғары деңгейде даярлығын қамтамасыз етеді. Алдыңғы қатарлы компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастық стажировкалар мен мансапты дамыту үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынады.
Практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған сабақтарды құқықтанушылар мен практиктер, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық заң фирмаларының қызметкерлері, ірі компаниялардың заң бөлімшелерінің басшылары, аутсорсинг және консалтинг бағыттары бойынша жетекшілер, судьялар, нотариустар жүргізеді.
Бағдарлама түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады:
- Халықаралық ұйымдар
- Халықаралық заң фирмалары
- Мемлекеттік құрылымдар
- Үкіметтік емес ұйымдар
- Ұлттық және шетелдік компаниялар
- Заңгерлік консалтингтік фирмалар
Бейіндік пәндер: құқық негіздері/дүниежүзі тарихы