Халықаралық қатынастар

Академиялық дәреже: Гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу тілі: қазақ / орыс / ағылшын

Екінші шет тілі: қытай / корей / француз / неміс

Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі — 73,76%

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы – бұл мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және басқа да жаһандық акторлер арасындағы өзара әрекеттестікті зерттейтін мамандық. Бағдарлама саясат, экономика, дипломатия, қауіпсіздік және әлемдік ынтымақтастық мәселелерін қамтиды.

Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып әзірленген және түлектерге халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді береді.

Бағдарламаның бірегей артықшылықтары: Бағдарлама жаһандық мансапқа ұмтылатын және мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайын жандар үшін мінсіз таңдау. Ол халықаралық саясат, дипломатия және экономикалық үдерістер бойынша терең білім беріп, стратегиялық ойлау мен келіссөз жүргізу дағдыларын дамытады.

Студенттер бірнеше шет тілін меңгереді, бұл олар үшін халықаралық ұйымдарда, бизнесте және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтеді.

Бағдарламаның ерекшелігі – практикалық оқытуға басымдық берілуі. Елшіліктерде, халықаралық компанияларда және аналитикалық орталықтарда тағылымдамадан өту студенттерге теорияны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға бағытталған, бұл жаһандану жағдайында табысты мансап үшін аса маңызды.

Бағдарлама аясында келесі пәндер оқытылады: «Дипломатиялық және консулдық қызмет»; «Халықаралық қатынастар теориясы»; «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»; «Халықаралық қатынастардың заманауи мәселелері»; «Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы». Бұл пәндер студенттерге әлемдік саясаттың тетіктерін терең түсінуге, дипломатиялық қызметтің қағидаттарын меңгеруге және сыртқы саясат процестерін тиімді талдауға көмектеседі. Осы пәндерді оқу барысында студенттер келіссөздер жүргізудің практикалық дағдыларын игереді, халықаралық ынтымақтастық стратегияларын зерттейді және Қазақстанның сыртқы саясатының ерекшеліктерімен танысады.

Қосымша артықшылықтар: Бағдарламаның тағы бір маңызды артықшылығы – студенттердің серіктес жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық мүмкіндігі және қос диплом бағдарламасы.

Оқытушылар құрамына дипломатиялық қызметтерде, халықаралық ұйымдарда және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс тәжірибесі бар ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен магистрлер кіреді.

Бағдарлама түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады:

  1. Сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастықпен айналысатын министрліктер мен мемлекеттік органдар
  2. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтар
  3. Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДСҰ және т.б.)
  4. Аналитикалық орталықтар мен зерттеу институттары
  5. Ірі трансұлттық компаниялар мен бизнес-құрылымдар
  6. Бұқаралық ақпарат құралдары және халықаралық медиа
  7. Халықаралық қатынастарға маманданған білім беру және ғылыми мекемелер

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • Сараптамалық-аналитикалық қызмет
  • Дипломатиялық және консулдық қызмет
  • Консалтингтік және сараптамалық қызмет
  • Ғылыми-зерттеу қызметі
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет
  • Коммуникациялық және келіссөз жүргізу қызметі
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет

Бейіндік пәндер: шет тілі/дүниежүзі тарихы

Печать E-mail

универсиада замена