Туризм

Академиялық дәрежесі: Туризм бакалавры

Оқу уақыты: 4 жыл

Дайындық тілі: Қазақ тілі, Орыс тілі

Білім беру бағдарламасы «6В11101 Туризм»  талаптарға сай кәсіби стандарт және жаңа кәсіптер атласы негізінде әзірленген жұмыс берушілер мен түлектерге туризм және қонақжайлылық саласындағы басқару қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді береді.

Бағдарламаның бірегей артықшылықтары – түлектеріміздің көптілділігі, студенттердің Түркия Республикасының жетекші қонақүйлерінде шетелдік тәжірибесі және географиялық тұрғыдан дамыған академиялық ұтқырлығы.

Бағдарламаның ерекшелігі туристік индустрия кәсіпорындарының әртүрлі деңгейдегі менеджменті саласындағы кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға бағытталған туризм және қызмет көрсету саласындағы мамандардың сапалы жаңа буынын дайындау, туристік өнімді жасау және ілгерілету, туристік ұсыныстарды қалыптастыру, Қазақстанның туристік брендін бүкіл әлемге танымал ету.

Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам әртүрлі оқыту әдістерін қолдана отырып оқытуды жүзеге асырады, мысалы: нақты жағдайларды талдау және анализ жасау (кейс-стади), тақырыптық талқылаулар, рөлдік ойындар, психодиагностикалық тесттермен жұмыс.

Бағдарламаның түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады:

  • Мемлекеттік, жеке және халықаралық форматтағы халықаралық қонақ үйлер мен мейрамханалар желілерінің, туристік кәсіпорындардың желісі;
  • Ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар.

Білім беру бағдарламасының түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • Кәсіпкерлік және басқарушылық қызметке бағытталған туризм менеджері
  • Халықаралық және ішкі туризм менеджері
  • Іс-шараларды ұйымдастырушы
  • Туристік кәсіпорындардың маркетинг және жарнама қызметінің басшысы
  • Туристік-қонақ үй-мейрамхана кешенінің әртүрлі қызметтерінің басшысы
  • Туризмді дамытумен айналысатын мемлекеттік органдардың маманы.

Бейіндік пәндер: шет тілі/география

Печать E-mail

универсиада замена