Ғылыми дәреже: Тіл білімі бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқыту тілі: қазақ/орыс/ағылшын
Екінші шет тілі (таңдау бойынша): испан, француз, неміс, қытай
Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі — 82,00%
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы болашақ аудармашы-референттердің және синхронды аудармашылардың жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тіларалық және мәдениетаралық коммуникация мәселелерін шешуге қабілетті, жоғары білікті және тәжірибеге бағдарланған мамандар ретінде пәндік білімдерінің іргетасын қалау мақсатында негізгі кәсіптік дайындықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасы студенттердің кәсіби дамуы мен тұлғалық жағынан өсуіне кең мүмкіндіктер ашады.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі студенттерді аудармашы-референт және ілеспе аудармашы бағыттары бойынша дайындау болып табылады. Бұл студенттерден шет тілдерін толығымен оқып, аударма үрдісінің қыр-сырын меңгеріп, оны әртүрлі қызмет салаларында жүзеге асыруды талап етеді. Тәжірибеге бағытталған оқыту студенттерге оқу барысында қажетті дағдыларды меңгеріп, оларды үздік отандық және шетелдік компанияларда қызмет ету тәжірибесінде көрсетуге, сонымен қатар республикалық және халықаралық форумдарда, конгрестер мен іскерлік кездесулерде жоғары сапалы ілеспе және синхронды аудармамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының артықшылығы бірден екі шет тілін терең меңгеру болып табылады: ағылшын тілі және таңдау бойынша екінші шет тілі.
Студенттердің халықаралық білім беру бағдарламаларына, соның ішінде Испания, Франция, Германия, Қытай және Оңтүстік Кореяның серіктес университеттеріндегі академиялық ұтқырлық сияқты бағдарламаларға қатысуы тағы бір артықшылығымыз болып табылады.
Жоғары білікті оқытушылар құрамы, оның ішінде шетелдік мамандар студенттерге тілдерді кәсіби деңгейде меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар аударма және мәдениетаралық коммуникация саласында ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Оқыту мамандандырылған лингафон кабинеттерінде және синхронды аудармаға арналған арнайы кабинеттерде заманауи әдістер мен шынайы материалдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Студенттер халықаралық компанияларда, Сыртқы істер министрлігі мен дипломатиялық өкілдіктерде, сондай-ақ жетекші аударма агенттіктерінде кәсіби тәжірибеден өтеді.
Оқу бағдарламасының түлектері халықаралық ұйымдарда, дипломатиялық құрылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, баспаларда, трансұлттық корпорацияларда, білім және ғылым саласында үлкен сұранысқа ие.
Бейіндік пәндер: шет тілі/дүниежүзі тарихы
.png)






















