Халықаралық бизнес

Академиялық дәреже: Бизнес және басқару саласындағы бакалавр

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу тілі: Орысша/Қазақша

Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі — 89,66%

 «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасы халықаралық деңгейде бизнесті жүргізу үшін қаржы, бухгалтерия және экономика саласында тиімді жұмыс істей алатын, қаржы және есеп қызметі салаларында терең білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған.

Бағдарлама жұмыс берушілердің талаптарына сай әзірленген және түлектерге қаржылық талдау жасау, бухгалтерлік есеп жүргізу және ірі компаниялар мен халықаралық корпорацияларда жобаларды басқару үшін қажетті құзыреттерді қалыптастырады.

Бағдарламаның бірегей артықшылықтарының бірі – оқу үдерісі аясында 1С бухгалтериясы және жобаларды басқару бойынша қосымша сертификаттау мүмкіндігінің берілуі. Бұл студенттерге оқу барысында тәжірибеге бағытталған кәсіби дағдыларды меңгеріп, өз біліктілігін ресми түрде растайтын сертификаттар алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – шетел тілін тереңдетіп оқыту, бұл халықаралық ортада кәсіби коммуникацияның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, студенттер Университеттің әскери кафедрасында білім алып, офицерлік атақ алу мүмкіндігіне ие болып, олардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бағдарламаның ерекшелігі – студенттердің тәжірибелік қызметке белсенді қатысуы, тағылымдамалардан және нақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктер ұсыну, сондай-ақ Қазақстандағы ірі жұмыс берушілермен (қаржы және нақты секторлар) тығыз ынтымақтастықта болуы. Профессор-оқытушылар құрамы тәжірибелі оқытушылардан және шетелдік мамандардан тұрады. Олар заманауи оқыту әдістерін қолданады, соның ішінде лекциялар, семинарлар, іскерлік ойындар және жобалық жұмыстар арқылы студенттердің практикалық дағдыларын дамытады.

Түлектер келесі салаларда жұмыс істей алады:

  • Ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар
  • Банктік және қаржылық ұйымдар
  • Сақтандыру компаниялары
  • Консалтингтік фирмалар
  • Мемлекеттік органдар мен ведомстволар
  • Шағын және орта бизнес ұйымдарында
  • Қаржылық сауатты бизнес иесі

«Халықаралық бизнес» бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • Компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары
  • Жоба менеджерлері
  • Инвестициялық қорлар мен консалтингтік фирмалардың мамандары
  • Бухгалтерлік есеп, аудит және салық саласы мамандары
  • Қаржылық және экономикалық бөлімдердің сарапшылары
  • Сақтандыру және банк саласындағы мамандар
  • Ғылыми қызметкерлер және академиялық мекемелердің оқытушылары
  • Кәсіпкерлер және жеке бизнес иелері

Бейіндік пәндер: География/Математика

Печать E-mail

универсиада замена