Журналистика

Ғылыми дәрежесі: Әлеуметтік ғылымдар бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Дайындық тілі: қазақ, орыс

Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі — 70,73%

«Журналистика» білім беру бағдарламасы үлкен ақпараттық ағындармен тиімді жұмыс істеу дағдылары бар, заманауи коммуникативтік технологияларды меңгерген, өзекті контентті құруға және модерациялауға, өзінің кәсіби қызметі саласында өз бетінше міндеттер қоюға және шешуге қабілетті жаңа буынның жоғары білікті журналистерін даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес әзірленген және түлектерді медиа-өндіріс саласында жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттермен қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі студенттерді цифрлық медиаға бағдарлау, білім алушыларда сапалы бейне түсіру, монтаждау, әлеуметтік желілермен, бейнеконтентпен, SMM, мультимедиялық журналистикамен жұмыс істеу, тіпті БАҚ-та жасанды интеллектті пайдалану болып табылады.

Журналистиканың ерекшелігі: студенттерге елдік бренд, оператордың теле-бейне-фото жұмысы, халықаралық деректі ғылым сияқты пәндер оқытылады. Бұл студенттерге практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Профессорлық-оқытушылық құрам медиа, PR және жарнама саласындағы практикалық тәжірибесі бар мамандардан тұрады. Профессорлық-оқытушылық құрам әртүрлі оқыту әдістерін қолданады: жоба әдісі, кейс-стади әдісі, дөңгелек үстел, talkshow технологиясы, «Toastmaster», пікірталас, интернет-ресурстарды пайдалану (тесттер, жаттығулар орындау және ақпараттық бейнематериалдарды талдау).

Бағдарлама түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады: медиа компаниялар, жарнама агенттіктері, ірі компаниялардың PR-бөлімдері, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өздерінің медиа жобаларын құру.

«Журналистика» білім беру бағдарламасының түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: контент құру және тарату, медиа-ресурстарды басқару, жарнамалық және PR-науқандарды өткізу, мақсатты аудиторияны талдау, коммуникациялық процестерді ұйымдастыру және басқару.

Талапкер ҰБТ-дан тек 2 пән тапсыра алады:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы

Қосымша, университетте шығармашылық емтихан тапсырады:

1 шығармашылық емтихан – Эссе

2 шығармашылық емтихан – Сұхбаттасу

Печать E-mail

универсиада замена