Академиялық дәреже: Қызмет көрсету саласының бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл
Оқыту тілі: қазақ / орыс
«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы қызмет көрсету саласының мамандарын даярлауға бағытталған. Бұл қазіргі экономикалық қызметтің ең перспективалы бағыттарының бірі, оның түлектері мейрамханалар мен қонақүй кәсіпорындарының тиімді жұмысын қамтамасыз ете алады. Бағдарлама жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес әзірленіп, түлектерді ресторандық іс пен қонақжайлылық саласында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті құзыреттіліктермен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның бірегей артықшылықтары қонақжайлылық саласының білімдерін, дағдыларын, практикалық тәжірибені, академиялық оқытуды және кәсіпкерлік ойлауды теңдестірілген түрде ұштастыруда болып табылады.
Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту студенттерге тәжірибе барысында еркін бейімделуге мүмкіндік береді. Ағылшын тілімен қатар, студенттер екінші шет тілін де меңгереді, бұл олардың халықаралық ортада кәсіби және коммуникативтік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Оқу барысында студенттер қонақ үй және мейрамхана бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясындағы қызметтерді жобалау, жылжыту және жүзеге асыру құралдарын қолдану бойынша білім мен дағдыларды игереді.
Бағдарламаның ерекшеліктері студенттердің туризм және қонақжайлылық саласындағы түрлі бағыттарда жеке оқу траекториясын таңдауы болып табылады: қонақжайлылық менеджменті, гастрономия, MICE және іс-шараларды басқару немесе халықаралық бизнес саласындағы қонақжайлылық. Студенттердің академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар, олардың ішінде Түркия, Нидерланды, Италия сияқты елдерде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар.
Профессор-оқытушылар құрамы, докторлар, ғылым кандидаттары және магистрлерден тұрады, олар барлық пәндер бойынша оқыту әдістерін қолданады, оның ішінде қонақжайлылық саласындағы жағдайларды шешу, рөлдік ойындар, бизнес-тренингтер және командалық жұмысты үйлестіру сияқты әдістерді қолданады.
Бағдарлама түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады:
- Қонақ үй бизнесі: қонақ үйлер, қонақ үйлер (гостевой дом), хостелдер, курорттар мен санаторийлер, демалыс аймақтары;
- Мейрамхана бизнесі: мейрамханалар, кафе, барлар, кофеханалар және HoReCa саласындағы фуд-корттар;
- Іс-шаралар индустриясының ұйымдары, туристік агенттіктер мен туроператорлар: event-компаниялар, туристік кәсіпорындар.
Бейіндік пәндер: шет тілі / география